Ссылки доступа

Ашхабад дүкендерінде мерзімі өткен азық-түлік сатылып жатыр


Ашхабадтағы супермаркет (көрнекі сурет)
Ашхабадтағы супермаркет (көрнекі сурет)

Ашхабадтың азық-түлік дүкендерінде мерзімі өтіп кеткен тауарлар сатылып жатыр.

Азатлык тілшісінің хабарлауынша, көбінде қапталған жарнаның іші көгеріп кеткен. Бірақ соған қарамастан бағасы қымбат. "Кеше менің танысым Орыс базарындағы супермаркеттің бірінен аю формасындағы шоколад сатып алды. Іші толған құрт болып шықты!", - деп хабарлайды Азатлык тілшісі.

Суретте ақ түсті құрттар, тауар Ашхабадта 17 қазанда сатып алынған, 2018
Суретте ақ түсті құрттар, тауар Ашхабадта 17 қазанда сатып алынған, 2018

Осыған дейін дүкендерде мерзімі өтіп кеткен сүт өнімдері, шұжық, жарна және ұн сатылады деп хабарлаған.

Жергілікті тұрғындар қанша шағымданғанымен санэпидемстанция тұтынушылар құқығын қорғап жатқан жоқ дейді. "Мәселен, қыркүйек айында сүт өнімдерінің ішінен құрт табылды, бірақ соған қарамастан бәрі сатылып кеткен", - дейді Азатлыктың Ашхабадтағы тілшісі.

XS
SM
MD
LG