Ссылки доступа

Тәжікстан: Таулы-Бадахшанда кез-келген жиынға тыйым салынады


Толиб Аёмбеков
Толиб Аёмбеков

Тәжікстан билігі Хорогтағы ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері деп бірнеше адамның аты-жөнін атады.

«Ховар» мемлекеттік ақпарат агенттігінің жазуынша, "қылмыстық топ мүшелерінен" 200 атыс қаруы, 72 Калашников автоматы, 3 пулемёт, 2 гранатомёт, бір зенит кешені, 37 тапанша, 36 жарылғыш снаряд, 4700 оқ дәрі және 900 жарылғыш зат табылған.

Тәжік билігі Таулы-Бадахшан автономды облысы тұрғындарына кез-келген қоғамдық орындарда жиналуға тыйым салды. «Мұндай жиындар қылмыстық қауымдастыққа мүше ретінде саналады, қылмыстық жауапкершілікке тартылады»,- деп ескерту жасалған.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Таулы-Бадахшан өңіріне соңғы рет 15 қыркүйекте барған. Ол сол кезде Хорогтағы заңсыздықтарды сынға алған. Тәртіпке келтіруге бір ай уақыт берген.

XS
SM
MD
LG