Ссылки доступа

Түркияның жеті қаласынан Қырғызстанға ұшақ қатынайды


Түркияның жеті қаласынан Қырғызстанға ұшақ қатынайтын болады. Бұл жөнінде Түркияның азаматтық авиация басқармасы хабарлады.

Онда екі елдің көлік министрлігі тиісті келісімге келгенін, сонымен бірге Анкарадан Бішкекке тікелей бағытта рейс ашылатыны айтылған.

Мұнан бөлек, Түркияның Анталия, Алания, Даламан, Бодрум, Самсун, Кападокия және Газиантеп қалаларынан Бішкекке ұшақ қатынайтын болады.

Бүгінгі күні тек Бішкек-Стамбұл бағытында ғана рейс бар.

XS
SM
MD
LG