Полицияның хабарлауынша, Мұсаеваның денесі 20 қазанға қараған түні Түрксіб ауданындағы Боралдай көшесінің бойымен өтетін қосалқы теміржолдан табылған. Департамент Мұсаеваның "тепловоз астына түсіп қаза тапқанын" ғана айтып, егжей-тегжейлі ақпарат бермеді.
Алматы қалалық ішкі істер департаменті 19 қазан күні кешке қала тұрғыны арызданып, сол күні күндіз жұбайы - 1991 жылы туған Айгерім Мұсаеваның отбасында болған кикілжіңнен соң белгісіз бағытқа кетіп қалып, сол бойы оралмағанын мәлімдеді деп хабарлады.
Қазір көліктегі полиция қызметкерлері бұл оқиға бойынша тексеру жүргізіп жатыр.