Ссылки доступа

Өзбекстанда оқушы бетін тырнап алған мұғалімге айыппұл салды


Иллюстративное фото.
Иллюстративное фото.

Бұл оқиға Қарақалпақстаның Төрткүл ауданындағы №5 мектеп интернатта болған. Аудандық әкімшілік сот тарих пәнінің мұғалімі Бекмамат Нурметовті оқушы маңдайына "жынды" деген сөз жазып жатқанда бетін тырнап алған.

Бұл туралы Төрткүл аудандық сотының құжаттарында айтылды. Азаттық радиосының Өзбек қызметінің тілшісімен сөйлескен мектеп-интернаттың бір оқушысы тарих пәнінің мұғалімі мұндай жазаны барлық оқушыларға қолданатынын айтты.

"Болмашы ғана кінәрат үшін ол оқушылардың маңдайына "жынды" деген секілді сөздер жазады. Сабақта сыныптас партаны сырып алған. Осы әрекеті үшін мұғалім ол баланы ұрып, оның маңдайына жазу кезінде бетін тырнап жіберген", - деді тоғызыншы сынып оқушысы.

Оқушының ата-анасы құқыққорғау органдарына арызданған. "Сот тарих пәнінің мұғалімі Бекмамат Нурметовке айыппұл салды, бірақ ол біздің мектепте әлі жұмыс істейді. Ол оқушыларды қинауын тоқтатқан жоқ", – деді мектеп тәрбиешісі.

Аудандық әкімшілік сот шешімімен, Нурметовке 344 480 сум (40 доллар) айыппұл төленген.

XS
SM
MD
LG