Ссылки доступа

Қытай компаниясы Ферғана облысында цемент зауытын салады


Ферғана облысында жаңа цемент зауытының алғашқы кірпіші қаланды, жоба құны - 153 млн доллар.

Инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін Өзбекстан ауданындағы Шурсув ауылы таңдалған. Мұнда әктас пен саз балшықтың үлкен қоры бар. Жобаны жүзеге асыру үшін өзбек-қытай бірлескен кәсіпорыны құрылды.

Кәсіпорын жылына 1 миллион тонна цемент және 33 миллион шаршы метр гипсокартон өндіреді деп жоспарланған. Мұнда мыңнан астам адам тұрақты жұмыс істейді.

"Кәсіпорын құрылысы екі жылда бітеді. Ол ішкі нарықты сапалы цемент және гипсокартонмен қамтамасыз етеді", - деп мәлімдеді компания бас директоры Ма Мин Лян.

XS
SM
MD
LG