Ссылки доступа

Төрт жасар Мұхаммаджон Мәскеуден Душанбеге ұшып бара жатқанда қайтыс болды


«Әже, әже!» - 4 жастағы Мұхаммаджон Ализоданың көз жұмар алдындағы соңғы сөзі болды. Сәби Utair әуе компаниясының Мәскеу-Душанбе рейсінде қайтыс болды.

Utair қызметкерлері Душанбеде ұшақ көтерілген сәтте, баланың жағдайы нашарлағанын жеткізді. Ұшақ Орынбор қаласындағы әуежайға қонуға мәжбүр болған. Бірақ жәдел-жәрдем келемін дегенше, Мұхаммаджон көз жұмған.

Төрт жастағы сәби атасымен бірге Тәжікстандағы үйіне қайтып бара жатқан беті екен. Қазір оның денесі Орынбордағы мәйітханада жатыр.

Ұшақ үш сағат кешігіп, Душанбеге қонды.

Марқұмның атасы Илхомиддин Ализода немересінің қолында қайтыс болғанын айтады. Ауылда әжесімен тұратын Мұхаммаджон Мәскеуде жұмыс істейтін ата-анасына қыдырып келген екен.

«Алғашқы күндері ол өзін жақсы сезінді, ойнады. Бір күні қатты суықтап қалды. Дәрігерлер баланың асқазаны ауырады деп, дәрілер жазып берді. Соңғы он күн бойы дәрігер жазып берген дәрілерді бердік. Ұшақ алдында науқасы асқынып кетпесін деп, шәймен Но-шпа бердік», - дейді Орынбордан Илхомиддин Ализода.

Илхомиддинмен бірге «Вахдат» тәжік қауымдастығының өкілдері бар. Оның Орынбор қаласындағы басшысы Дилшод Рахимов таяу күндері Мұхаммаджонның денесі Самара-Душанбе рейсімен отанына жеткізіледі деді. «Біз денені жіберу үшін, тиісті қаражат жинадық», - дейді ол.

XS
SM
MD
LG