Ссылки доступа

Google қызға қырындаған 48 қызметкерін жұмыстан шығарды


Гендиректор Google Сундар Пичаи
Гендиректор Google Сундар Пичаи

Google компаниясы екі жылдың ішінде 48 қызметкерін қызға қырындады деген айыппен жұмыстан шығарған. Олардың ішінде 13 топ-менеджер бар. Бұл туралы ақпарат құралдары компанияның бас директоры Сундар Пичаи хатына сілтеме жасап хабарлады.

Хатта Пичаи Google компаниясының жұмыс кезінде қызметкерлерінің қауіпсіздігіне өте үлкен мән беретінін жазды. Бас директордың айтуынша, қызға қырындады деп айыпталған қызметкерлердің ешқайсысына жұмыстын шығарғанда төленетін өтемақы берілмеген.

Google бас директоры New York Times газетінде жарияланған мақаладан соң осы хатты жазған. Америкалық газет Android операциялық жүйесін жасаушы Энди Рубин компаниядан жұмыстан кетерде 90 миллион доллар алған. Оны ерсі қылықтары үшін айыптаған еді. Рубин бұл айыптаулардың барлығын жоққа шығарып, оларды "бұрынғы әйелінің кек алу мақсатында жүргізген арандатушылығы" деп атаған.

XS
SM
MD
LG