Ссылки доступа

Түркіменстанда велосипед ескерткішінің дизайны бекітілді


Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Велосипед күніне арнап қойылатын монументтің дизайнын бекіткен. Ескерткішті Чандыбил мен Бекреве көшелерінің қиылысына тұрғызбақ.

Мәліметке қарағанда, президент монументті адамзат тарихындағы түркімен халқының рөлін көрсетіп, айналып тұратын Жер шары іспетті болуын тапсырған.

Соңғы бірнеше жылдан бері мемлекет басшысының және үкімет мүшелерінің қатысуымен өтетін жаппай веложарыс жүйелілік мәнге ие болған. Жарыстарға мемлекеттік қызметкерлерді, студенттер мен оқушыларды тартады. Ал оларға өз қаражатына велосипед сатып алуды міндеттейді.

Биыл Түркіменстанда бірінші рет мемлекеттік деңгейде Велосипед күні атап өтілді. Сол кезде түркімен президенті велосипедке арнап ескерткіш орнатуды тапсырған.

Онда мемлекет басшысы өзі қатысқан жаппай веложарыс дүниежүзілік рекорд орнатып, "Велосипед спортының ең жаппай дәрісі" делініп, Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген.

XS
SM
MD
LG