Ссылки доступа

Қырғызстандық мұғалім Түркияда оқушы қызға қырындағаны үшін 12 жылға сотталды


Қырғызстандық 56 жастағы мұғалім Анталияда "Балаларға сексуалдық қысым көрсетті" деген айыппен 12 жылға сотталды. Ол 13 жастағы оқушы қызға қырындаған, деп жазды Hürriyet.

Газет мәліметіне қарағанда, бұл оқиға биыл сәуір айында Манавгат қалашығында болған. Сот процесі кезінде сотталушы тағылған айыптарды мойындамаған.

"Мен 25 жыл пианино ойнауды үйретіп келемін. Мен оқушының санынан ұстамадым, педальды қалай дұрыс басу керектігін ғана көрсеттім. Бұл - сабақ берудің бір тәсілі", - деді ол.

Сотталушы И. Б. 15 жыл Манавгат қаласында тұрып, жекеменшік музыкалық мектепте пианинодан сабақ берген. Қырғызстанның Стамбулдағы консулдығы мәселені зерттеп жатыр.

Қырғызстанның Түркиядағы елшілігі таратқан ақпарат бойынша, қазіргі таңда түрік түрмелерінде әртүрлі айыптаулармен Қырғызстанның төрт азаматы отыр.

XS
SM
MD
LG