Ссылки доступа

Өзбекстанда наубайшыны соққыға жыққан милиция қызметкері жұмыстан шығарылды (видео)


Самарқанд облысы Ургут ауданында жергілікті наубайшыны соққыға жыққан милиция лейтенанты жұмыстан шығарылды. Құқыққорғау органдары қызметкеріне қатысты тергеу басталды.

Ургут ауданы ішкі істер бөлімі қызметкерінің айтуынша, бұл оқиға бір апта бұрын Гус ауылында болған.

В Самарканде с должности снят сотрудник милиции, избивший местного пекаря
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:01:28 0:00

"Милиция қызметкері түнгі сағат екіде наубайханаға басакөктеп кірген. Инспектор наубайханада әдепсіз әрекет болып жатыр деген хабар алған. Бұл уақытта оның ішінде наубайшы мен жас қыз отырған. Лейтенант наубайшыға қол көтерген. Бұл жағдай басшылыққа жеткен соң, оны бірден жұмыстан шығарған. Тексеру жүріп жатыр", - деді ішкі істер бөлімінің қызметкері.

Аудандық милиция наубайшы әрекеті қылмысқа жатпайды деп есептейді.

XS
SM
MD
LG