Ссылки доступа

Тәжікстандағы милиция капитаны тапаншамен әйелін атып өлтірген


Иллюстративное фото
Иллюстративное фото

Хатлон облыстық прокуратурасының тергеушілер Вахш ауданының тұрғыны Турсуной Аминованы жергілікті ішікі істер бөлімінде істейтін күйеуі Набиджон Аминджонов тапаншасымен атып өлтіргенін анықтады.

Қылмыстық іс жақын күндері сотқа жолданады, деп хабарлады облыстық прокуратурадағы дереккөз.

Қайғылы оқиға 9 қыркүйекке қараған түні болған. Милиция капитаны Набиджон Аминджонов сол күні Тәжікстан тәуелсіздігі күніне орай салтанатты шарадан оралған. Отбасында шыққан жанжал кезінде ол әйелін атып тастаған. Турсуной Аминова сол жерде қаза тапты. Бұл оқиғаға оның кәмелет жасқа толмаған екі баласы куә болған.

Бірақ Аминджонов тағылған айыптарды мойындамай отыр.

Турсуной Аминова жергілікті орта мектептердің бірінде тіл және әдебиеттен сабақ берген.

XS
SM
MD
LG