Ссылки доступа

АҚШ шетелдік насихатқа қарсы 40 млн доллар бөлді


Құрама Штаттар шетелдік насихатқа қарсы 40 млн доллар бөлді. Бұл жөнінде АҚШ мемлекеттік депаратменттің баспасөз қызметінің өкілі Роберт Палладино хабарлады.

Ақшаны Ғаламдық өзара іс-қимыл орталығы алған. Мекеме Ресей, Иран және Қытайдың АҚШ-қа қарсы ақпараттық майдандарына қарсы тұру керек.

Мәселе жалған ақпаратты анықтайтын технологияға байланысты. Бұл мекеме БАҚ өкілдерімен байланыс орнатып, фейк жаңалықтарды дер кезінде анықтап отыруы тиіс.

Ғаламдық өзара іс-қимыл орталығы Барак Обама тұсында ашылған. Бұл АҚШ мемлекеттік департамент құрылымына қарайды. Бастапқыда орталық "Ислам мемлекеті" террористік ұйымы насихатына қарсы тұруға бағытталған. 2017 жылдан бастап Ресейдің Америкаға қарсы саяси насихатына қарсы жұмыс істей бастады. Сонымен бірге Ресейдің АҚШ-тағы президент сайлауына араласуы жайында да тергеу жүргізіп келеді.

XS
SM
MD
LG