Ссылки доступа

Израиль компаниясы Өзбекстанда 46 млн доллар тұратын құс фабрикасын салады


Израильдік Levia Group компаниясы Өзбекстанның Әндіжан облысынан жылына 14 мың тонна құс етін шығаратын фабрика салмақшы.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, биыл мамыр айында Израиль кәсіпкерлері Әндіжан облысына барған. Сапар барысында Levia Group компаниясы фабрика салатын жер учаскесін қараған.

Келіссөз қорытындысы бойынша, Levia Group пен "Өзбекозиковкатхолдинг" компаниясы бірлескен кәсіпорын құратын болып шешкен. Құрылыс құны 46 млн доллар тұрады.

XS
SM
MD
LG