Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 5 қарашада түнде Шардара – Абай тас жолында болған.
"МАЗ" жүк автокөлігі жолға шығып кеткен жылқыны қаққан. Одан соң жүк көлігі қарсы жолға шығып кетіп, "Лексус" автокөлігімен соғысқан", - делінген ІІМ хабарламасында.
Соның салдарынан жеңіл автокөлік жүргізушісі мен төрт жолаушы қаза тапты. Жолаушылардың үшеуі - Өзбекстан азаматтары. Тағы бір Өзбекстан азаматын аурухананың жансақтау бөліміне жатқызған.
Тергеу жүріп жатыр. Жүк автокөлігінің жүргізушісі қамауға алынды. Жолға шығып кеткен жылқының иесі кім екені анықталып жатыр.