Тәжікстанда ұлттық валютамен (сомони) несиенің орташа пайыздық мөлшерлемесі - 28 пайыз. Экономистердің пікірінше, мұндай мөлшерлемемен кәсіпті сәтті жүргізу мүмкін емес.
Парламент депутаты Рустам Кудратов Ұлттық банкке депутаттар бірқатар ұсыныс жасағанын, солардың бірі несие беру шарттарына қатысты болғанын айтты.
"Біз Ұлттық банкке пайыздық мөлшерлемелерді 16-18 пайызға дейін түсіруді ұсындық. Бірақ ол 28,5 пайыз деңгейінде сақталып тұр. Біздің кәсіпкерлер мұндай несиені қалай қайтарады?" - деді депутат.
Тәжікстан Ұлттық банкінің төрағасы Жамшед Нұрмұхаммадзоданың айтуынша, банктер депозиттерді үлкен пайыздармен тартады, сол себепті несиелерді төмен пайызбен бере алмайды, олай болмаған жағдайда, банктер шығынға ұшырайды.