Ссылки доступа

Тәжік ғалымдары мұздықтардың жағдайын зерттеп жатыр


Тәжік ғалымдарының тобы елдегі мұздықтардың жағдайын бағалау үшін 3300 шақырым биікке көтерілді.

Тәжікстан мұздықтарды зерттеу орталығының директоры Абдулхамид Каюмовтың айтуынша, зерттеу экспедициясы маусым-қыркүйек айлары аралығында өткен.

Ғалымдар Варзоб шатқалындағы аласа тауларды, Памирдегі биік шыңдарды зерттеген. Қазір экспедиция жиналған материалдарды сараптап жатыр.

Зерттеушілер Памирдегі "Орыс географиялық қоғамы" мұздығындағы күрделі өзгерістерге алаңдап отыр. Ол мыңдаған адамның өміріне теріс ықпал етуі мүмкін. Орталық Памирдегі ауданы 64 шаршы шақырым болатын бұл мұздықта елеулі климаттық өзгерістер байқалған.

"Жұмыс тобы бұл мұздықтың жоғары жағында үлкен көл пайда болғанын анықтады. Ол 200 метрге дейін созылып жатыр. Алаңдатарлық жағдай. Ол Вандж шатқалындағы тұрғындарға қауіп төндіреді", - деді ғалым.

Каюмовтың айтуынша, 2005 жылы осындай көлдердің бірі жырылып кетіп, Дашти ауылында 25 адам қаза тапқан еді.

Орталық Азияда барлық мұздықтардың жарымы Тәжікстан аумағында орналасқан. Республикадағы 8 мыңнан астам мұздық 8,5 мың шаршы шақырымды алып жатыр. Тәжікстан мұздықтарды зерттеу орталығы 2018 жылы құрылды.

XS
SM
MD
LG