Ссылки доступа

АҚШ арнайы прокуроры Манафортты тергеумен келісімді бұзды деп айыптады


Пол Манафорт
Пол Манафорт

Дональд Трамп сайлау штабының бұрынғы басшысы Пол Манафорт кінәсін мойындағаннан кейін де Федералдық тергеу бюросына және арнайы прокурор Роберт Мюллер командасына өтірік айтқан.

26 қарашада мәлім болған сот құжаттарына қарағанда, Манафорт тергеумен қыркүйек айында жасалған келісімді бұзған. Онда Манафорт түрлі сауалдар бойынша жалған сөйлеп, бірқатар федералдық қылмыс жасағаны айтылған.

Манафорт жалған куәлік беру туралы айыптауларды жоққа шығарды. Оның адвокаттары Манафорт шын мәлімет берген деп отыр.

Прокуратура мен адвокаттар үкім шығаруды кейінге қалдыруға себеп жоқ екеніне келісіп, соттан үкім жарияланатын күнді белгілеуін сұраған. Трамп сайлауалды штабының бұрынғы басшысын ақша заңдастыру мақсатында қылмыстық келісімге барған, АҚШ билігін алдаған, шетел агенттерін тіркеу заңдарын бұзған және куәгерлерге ақша төлеген деп айыптады.

Қыркүйек айында Манафорт екі - АҚШ-қа қарсы қылмыстық келісім жасау және әділеттің орнауына кедергі келтіру айыптары бойынша кінәсін мойындаған.

XS
SM
MD
LG