Ссылки доступа

Өзбекстанның миграция агенттігі 20 млн доллар пара алған деген күдікке ілінді


Өзбекстанның сыртқы еңбек миграциясы агенттігі Оңтүстік Кореяға жұмысқа тұрғысы келетіндерден 20 млн доллар пара алған деген күдікке ілінді. Бұл ақпаратты Өзбекстан еңбек министрлігіндегі екі дереккөз растаған.

Дереккөздің айтуынша, бұл мәлімет әзірге көпшілікке жарияланбай отыр. Белгілі болғандай, 16-20 қараша аралығында Сыртқы еңбек миграциясы агенттігінің жиырма шақты қызметкерін Бас прокуратура мамандары ұстаған. Олар Оңтүстік Кореяға жұмысқа өткініш тапсырған мыңдаған адамнан пара алған деген күдікке ілінді. Күдіктілердің дені босталған. Бірақ 26 қарашада агенттік басшысы, оның орынбасары және Азаматтарды сыртқы жағдайға бейімдеу және оқыту орталығының басшысы ұсталған.

Істі жетік білетін дереккөздердің хабарлауынша, агенттік басшылығы жалпы көлемі 20 миллион доллар пара алған деген күдікке қалды. Еңбек министрлігі және Сыртқы миграция мәселелері жөніндегі агенттік бұл іске қатысты мәлімет бермеді. Өзбекстан Бас прокуратурасы да әзірге ақпаратты растамады, жоққы шығарған да жоқ. Өйткені тергеу әлі аяқталмаған.

"Миграция басқармасы басшысының орынбасарын прокуратура қызметкерлері Ташкенттегі кеңседе 5 мың доллар пара алып жатқан сәтінде ұстады. Сол кезде басқарма басшысы мен бөлімдердің бес басшысы ұсталды. Бұл 16 қарашада болған. Ал агенттік басшысы 20 қарашада ұсталды", - деді дереккөз.

Агенттік сайтында жетекші мен оның орынбасары деп Равшан Ибрагимов пен Ұлықбек Назаров аталған.

XS
SM
MD
LG