Ссылки доступа

Тәжікстанда жаңа жылдан бастап айыппұлдар мен баж салығы өседі


Тәжікстанда келесі жылдан бастап айыппұлдар мен баж салығы 10 пайызға көтеріледі. Мысалы, бағдаршам қызылынан өтіп кеткендер 250 сомониден (28 доллар) 275 сомониге көтеріледі.

Бұлар "Тәжікстанның 2019 жылғы мемлекеттік бюджеті туралы" заңға сәйкес өседі. Келесі жылдан бастап есептеуге арналған көрсеткіштер көлемі 50 сомониден ($5,33) 55 сомониге көтеріледі дейді сарапшылар.

Тәжікстан парламентінің төменгі палатасының депутаттары 23 қарашада үкіметтің бюджет туралы заң жобасын мақұлдады. Келесі жылға арналған мемлекеттік бюджеттің жалпы көлемі - 23 млрд 774 млн сомони.

Тәжікстанда 2008 жылдан бері есептеуге арналған көрсеткіш түсінігі ең төменгі айлық көрсеткішіне алмастырылған, салықтар, айыппұлдар, баж салығы және басқа да төлемдер соның негізінде есептеледі.

Тәжікстан қаржы министрлігінің Бюджет жөніндегі бас басқармасы есептеуге арналған көрсеткіш жыл сайын инфляция деңгейін ескеру арқылы белгіленеді деп түсіндірді. 2017 жылы бұл көрсеткіш 50 сомони ($5,33) деп белгіленген.

Жергілікті сарапшылар есептеуге арналған көрсеткіштің өсуі көлік жүргізушілерге соққы боп тиеді деп есептейді. Кейбір жүргізушілердің пікірінше, айыппұлдың өсуі жемқорлықты одан сайын көбейтеді -жүргізушілердің жол инспекторларына беретін парасы өседі.

XS
SM
MD
LG