Ссылки доступа

Өзбекстан Халықаралық миграция ұйымының мүшесі болды


Өзбекстан Халықаралық миграция ұйымының (ХМҰ) 173-мүшесі болып тікелді. БҰҰ-ның миграция жөніндегі агенттігі саналатын бұл ұйым кеңесінің Женевада 27 қарашада өткен 109-сессиясында Өзбекстанның ХМҰ-ға мүше болуы туралы өтініші қабылданды.

"Өзбекстанды асқан ылтипатпен ХМҰ отбасына қабылдаймын. Әлемнің ірі сауда жолдарында жатқан көне елдердің бірі саналатын Өзбекстанды ежелден-ақ мигранттар басып өткен", - деді ұйымның жаңадан сайланған бас директоры Антонио Виторино.

Сессия жұмысына Өзбекстан еңбек министрінің орынбасары Баходир Низомов қатысты.

Өзбекстан - Орталық Азияның халқы ең тығыз орналасқан, аймақтағы еңбек мигранттарының денін сыртқа шығарушы ел. Ол Халықаралық миграция ұйымына Орталық Азия елдері арасында ең соңында тіркелді.

Шекарасын ашқан Өзбекстан көрші елдердегі мигранттар үшін транзит аумағына айналып отыр. Республика экономикасының өсуі Өзбекстанды басқа да елдердің мигранттарының мекеніне айналдырады, деп есептейді ХМҰ.

Ұйым мен Өзбекстан әріптестігі 2003 жылы басталған, сол кезде ХМҰ Өзбекстан мен Орталық Азияның басқа да елдеріндегі адам саудасы құрбандары мен жағдайы нашар мигранттарға тікелей көмек көрсете бастаған.

XS
SM
MD
LG