Ссылки доступа

Астана Үкіметтік емес ұйымдардың біріңғай электронды тізбесін жасамақ


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтік емес ұйымдарды (ҮЕҰ) қаржыландыру рәсімі ашық әрі түсінікті болу керек деп, үкіметке ҮЕҰ-ны анықтаудың біріңғай электронды тізілімін құруды тапсырды.

Астанада өткен кезекті Азаматтық форумда президент Назарбаев ҮЕҰ-ды қаржыландыру үшін, олардың рейтингісі жасақталу жоспарланып жатыр деп мәлімдеді. Назарбаевтың сөзінше, бүгінгі күні мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қаржыландыру 20 млрд теңгеден асады.

2015 жылдың соңында Қазақстанда коммерциялық емес ұйымдарға жыл сайын тиісті органдарға есеп беру тәртібі енгізілген. Билік өзі туралы толық мәлімет бермеген ҮЕҰ мемлекет тарапынан гранттар байқауына қатыса алмайды деп шешкен. Биыл жазда тиісті заңға үкіметтік емес ұйымдарға жыл сайын өткізетін есеп беру құжаттарының санын қысқарту жөнінде өзгерістер енгізілген. Ресми мәлімет бойынша, 2016 жылы "ҮЕҰ туралы мәліметтерге" 16 мың коммерциялық емес ұйым енбей қалған.

Үкіметтік емес ұйым өкілдері мен мемлекеттік органдар арасында диалогты дамыту мақсатында құрылған Азаматтық форум Астанада жылына екі рет өтіп тұрады.

Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, форум аясында 2019-2025 жылдарға арналған азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасының жобасы қабылданбақ.

XS
SM
MD
LG