Ссылки доступа

Путин украин теңізшілерін ұстауға байланысты түсініктеме берді


Ресей президенті Владимир Путин орыс әскері Қара теңізде украин теңізшілерін басып алу оқиғасынан кейін, үш өткен соң, "Украинада өтетін президент сайлауы алдында билігінің ұйымдастырып отырған арандатуы" деп мәлімдеді.

Бұл жөнінде Путин ВТБ Капиталдың "Ресей шақырады!" форумында мәлімдеді.

Осыған дейін Украина президенті Петр Порошенко Керчь бұғазындағы оқиғаны "Ресейдің агрессиясы" деп мәлімдеген.

Конфликт в Керченском проливе в версиях России и Украины. Сравниваем
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:01:27 0:00

Путин сонымен бірге Украина елінің шығысында болып жатқан кикілжің кезінде бірде бір әскери жағдай енгізілмегенін, енді болмашы оқиғаға енгізіп отыр деп атап өтті. ТАСС жазғандай, Путин қалжың ретінде "егер украин билігі бүгін таңғы асқа "нәресте сұраса, мүмкін оларға расында нәресте апарып беретін шығар, олар жегісі келеді, мұнымен ешнәрсе істей алмайсың дейтін шығар" деген.

Симферопольде Ресей бақылауындағы сот 28 қарашада ұсталған украин теңізшілеріне бұлтартпау шарасын қарастырып жатыр. Ресей билігі оларды мемлекеттік шекараны бұзды деп айыптайды.

25 қараша күні таңертең Керчь бұғазында Ресей әскерилері украин кемелерін атқылап, ұстап әкеткен. Бірнеше әскери жараланған. Ресей украин кемелерін территориясына "заңсыз кірді" деп айыптаса, Украина кемелердің бұл аумақтан өтетіні "алдын-ала ескертілгенін" айтып, Ресей әрекетін "бассыздық" деп атаған.

Украина қарулы күштерінің мәліметінше, атыстан кейін 23 адам болған кемемен байланыс үзілген. Алты украин сарбазы жараланған. Оның екеуі ауыр жағдайда, үшеуі Керчь ауруханасында жатыр. Жағдайлары бірқалыпты.

Украинаның Жоғарғы Радасы (парламент) Ресеймен шектесетін елдің он облысына бір айға әскери жағдай енгізді.

XS
SM
MD
LG