Азаттықтың түркімен қызметі хабарлағандай, Дашогуз облысында әрбір үйге 8-12 келіден ғана ұн сатылып жатыр.
Лебап пен Мары облысында да жағдай осындай, бірақ мұнда өлшем 10 келіден аспайды.
Осыған дейін адам басына 4-5 келіден ұн сатылып келген.
Түркіменстан мемлекеттік дүкендерінде жергілікті зауыттан шығатын ұнның бір келісі 2 манат (Түркіменстан Орталық банктің бағамы бойынша $1 - 3.5 манат) тұрады. Жеке дүкендерде Қазақстан және Ресейден келетін ұн бағасы одан он есе қымбат.
Түркіменстанда 2017 жылдың желтоқсан айынан бері халқы ұн және наннан тапшылық көріп келеді.