Ссылки доступа

Грузиядағы президент сайлауында Саломе Зурабишвили жеңіске жетті


Саломе Зурабишвили

Грузиядағы президент сайлауында Саломе Зурабишвили басым дауысқа ие болды. Орталық сайлау комиссиясының мәліметтері соған дәлел бола алады.

Сайлаудың екінші турындағы бюллетендердің шамамен 100 саналған. Сайлаушылардың 59,5 пайызы Зурабишвилиге дауыс берген. Оппозиция үміткері Григол Вашадзе 40 пайыздан астам дауыс жинаған.

Сәрсенбі күні өткен президент сайлауына сайлаушылардың 56 пайызы қатысқан. ОСК мәліметі бойынша, Зурабишвили Грузияның ірі қалаларының барлығында дерлік жеңіске жеткен. Ол Тбилисидің он округының барлығында, Кутаисиде, Потиде, Батумиде, Зугдиди мен Гориде басым болды.

Зурабишвили де, Вашадзе де бұрын Грузия сыртқы істер министрлігін басқарған. Саломе Зурабишвилиді билік басындағы "Грузия арманы" партиясы қолдайды. Ол сайлауалды бағдарламасында Грузияны НАТО құрамына кіргізіп, елді бейбіт түрде біріктіруге уәде берген. Григола Вашадзені сайлауға бұрынғы президент Михаил Саакашвилидің оппозициялық "Бірыңғай ұлттық қозғалыс" бастаған коалиция ұсынды.

Бір ай бұрынғы алғашқы турда да Зурабишвили жеңіске жеткен. Сол кезде оппозиция билікті сайлау нәтижелерін бұрмалады деп айыптаған, ал Михаил Саакашвили Грузияда "халық ашу-ызасынан цунам көтеріледі" деп ескерткен.

Грузия президенті бұл жолы алты жылға сайланады. Грузиялықтар мемлекет басшысын соңғы рет тікелей дауыс беру арқылы сайлады.

XS
SM
MD
LG