Ссылки доступа

Киев Керчь жанжалынан соң халықаралық трибуналға шағымданды


Один из кораблей, захваченных в Керченском проливе
Один из кораблей, захваченных в Керченском проливе

Украина Ресей шекарашылары Керчь бұғазында әскери кемелерін тұтқындаған соң БҰҰ-ның теңіздегі құқық жөніндегі халықаралық трибуналына шағымданды. Бұл туралы Украина Сыртқы істер министрлігі хабарлады. Министрлік трибунал қазір БҰҰ конвенциясын бұзу жөніндегі шағымды қарап жатқанын айтады.

Министрлік мәлімдемесінде Ресейдің Керчь бұғазы арқылы украин порттарына баратын украиналық және шетелдік кемелерді "алалап", қудалайтыны айтылған.

25 қарашада Ресей шекарашылары Керчь бұғазында Украинаның үш әскери кемесіне оқ атып, экипажымен қоса тұтқындаған. Шабуылда украиналық 24 теңізші ұсталып, кейін олардың үшеуі екі айға қамалған.

Ресей билігі украиналық кемелерді шекарадан заңсыз өтпек болды деп айыптайды. Киев Ресей билігін арандату әрекетін жасады деп айыптап, оқиғаны "басқыншылық" деп атады.

28 қарашада Украинаның Ресеймен шектесетін бірнеше облысында бір айға әскери жағдай жарияланды.

XS
SM
MD
LG