Ссылки доступа

Өзбекстанда миграция агенттігінің тағы бірнеше қызметкері ұсталды


Өзбекстанда сыртқы миграция мәселелері жөніндегі агенттік басшылығы мен қызметкерлері 20 млн доллар пара алған деген күдікпен ұсталған соң, мекеме жұмысы тұралап қалды. Оңтүстік Кореяға жұмысқа тұрғысы келген 3 мың өзбекстандықтың жоспары іске аспай қалуы мүмкін.

Еңбек министрлігі шенеуніктерінің сөзіне қарағанда, 27 қарашада агенттіктің тағы бірнеше қызметкері ұсталған.

3 мың өзбекстандықтың жыл аяғына дейін Оңтүстік Кореяға бару-бармауы белгісіз болып тұр.

"Кеше кешкі сағат бестер шамасында агенттіктің бес бөлімшесінің басшыларын прокуратураға алып кетті", - деді министрлік өкілі.

"Бүгін Азаматтарды шетелге бейімдеу орталығының тағы бір қызметкерін ұстады", - деді ташкенттік шенеунік.

Үкіметке жақын үшінші бір дереккөздің айтуынша, ұсталғандардан пара ретінде алған миллиондарды мемлекетке қайтаруды талап еткен. Күдіктілердің кейбіреуі үйлерін сатып жатыр, деп хабарлады дереккөз.

Өзбекстан мен Оңстүстік Корея үкіметтері арасында келісімге сәйкес, үш кезеңнен тұратын сынақтан өткен 5000 өзбекстандық жыл аяғына дейін жұмысқа кетуі керек.

XS
SM
MD
LG