Ссылки доступа

Тәжікстанда абақтыда бүлікке қатысқандарға қылмыстық іс қозғалды


Тәжікстанның Худжанд кентіндегі №3/3 абақтысында болған бүлікке қатысқандарға қарсы қылмыстық іс қозғалды.

Ресми Душанбе мәліметінше, 8 қарашада болған бүлік кезінде 21 сотталушы көз жұмған. Көтеріліс кезінде екі түрме қызметкері қаза тауып, бес күзетші жараланған.

Бірер күн бұрын тоғыз сотталушыны Худжандтағы тергеу абақтысына жеткізген. Оларға билік өкілдеріне қарсы шықты, бүлік ұйымдастырды және адам өлтірді деген айыптар тағылған.

"Бірақ бүлікті олар ұйымдастарған емес. Олар тек қатысушылар. Әзірге айыпталушылардың біреуінің аты-жөні белгілі, ол — Мұхаммад Юнусов", - дейді дереккөз.

Худжанд түрмесінде болған бүлікті елдің бас прокуратурасы тергеп жатыр.

Тәжікстан сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддин 22 қарашада Брюссельде бүлік кезінде 21 сотталушы залалсыздандырылды деп мәлімдеген. Министр олардың арасында "Ислам мемлекеті", "Ансоруллах" және "Жундуллах" экстремистік топтардың жазасын өтеп жатқан жақтаушылары болды деген.

Тәуелсіз ақпарат көздері шын мәнінде бүлік кезінде 50 адамның өлгенін айтады. Осы оқиғадан кейін абақтының басшылары қызметінен алынып, оларға қарсы қылмыстық іс қозғалды.

Бүлік үшін жауапкершілікті "Ислам мемлекеті" экстремистік тобы мойнына алған.

XS
SM
MD
LG