Ссылки доступа

Өзбекстанда "Вакф" қайырымдылық қоры 145 студенттің оқу ақысын төлеп берген


Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы "Вакф" қоғамдық қоры 145 студенттің 1 млрд 200 млн сумға (146 мың АҚШ доллары) оқу ақысын төлеп берген.

Қордың баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл жөнінде "Ғылымға назар - болашаққа назар" деп аталатын қайырымдылық шарасында жарияланды.

Хабарға қарағанда, осыған дейін қор діни оқу орындарын, зерттеу орталықтарын қаржыландыруға 298 млн 631 мың сум (36 мың доллар), студенттер мен оқытушыларға 165 млн 650 мың сум (20 мың доллар) және күнкөрісі төмен адамдарға 1 млрд 170 млн 86 мың сум (141 мың доллар) бөлген. Жалпы сома - 3 млрд 343 млн 956 мың сумды (403 мың доллар) құрайды.

Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы "Вакф" қайырымдылық қоры 2012 жылдың 10 мамырында тіркелген.

XS
SM
MD
LG