Ссылки доступа

ЕО мен НАТО Киевтің Ресейге қарсы шаралар туралы ұсынысын салқын қабылдады


Еуропалық жетекшілер және НАТО Украина президенті Петр Порошенконың қорғанысты күшейту шаралары туралы ұсыныстарын салқын қабылдады.

НАТО баспасөз хатшысы Оана Лунгескудің бейсенбі күні мәлімдеуінше, әскери альянстың Қара теңіз аймағында күштері жеткілікті, сол себепті Азов теңізіне әскери кемелер жолдамайды. 28 қарашада Порошенко кеме жолдауын сұраған еді.

НАТО баспасөз хатшысы альянс кемелері Қара теңізде үнемі жаттығулар өткізіп, күзетке шығып жүр.

Ол НАТО-ға мүше бірнеше мемлекет әуе кеңістігін күзетуге қатысқанын айтты. Бұның алдында ол аймақта Болгария, Румыния және Түркия әуеде барлау жүргізген.

Германия канцлері Ангела Меркель Украина президенті Петр Порошенконың Ресейге әскерген қысым көрсету ұсынысын қабылдамады. "Біз диалог орнату арқылы ғана мәселені шеше аламыз, өйткені бұл даудың әскери шешімі жоқ", - деп мәлімдеген Меркель.

XS
SM
MD
LG