Ссылки доступа

Қырғызстанда екі компания пайдалы қазбаны Қытайға заңсыз тасып келген


Қырғызстанның экономикалық қылмысқа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) бір жарым жыл бойы Қытайға кен мен концентратты заңсыз тасып келген екі компанияны анықтаған. Олар жалпы 10 млн сом (143 мың доллар) шығын келтірген.

Қаржы полицияның мәліметінше, «У.Т. и К.» компаниясы 2017 жылы 1 мың 764 тонна сүрме қосындысы бар пайдалы қазба мен концентратты Қытайдағы халықаралық «Б.» компаниясына жіберіп отырған. Тауар лицензиясында кеннің Ош облысындағы «Алик Аликсуяк» кенішінде өндірілгені жазылған.

Аталған компанияның өнімді экспорттауға рұқсат құжаты болмаған. Бір жарым жылдың ішінде «У.Т. и К.» компаниясы 6,2 млн сомның тауарын экспорттаған. Заңсыз кәсіпкерлігі үшін компания үстінен қылмыстық іс қозғалған.

Қаржы полициясы компания атауын толық атамай отыр. Бірақ дереккөз мәліметінше, бұл Қытайдың «Барс» компаниясына кен тасымалдаған «Универсал Транс и Ко» компаниясы жайында.

Екінші – «Т.С» компаниясы 2017 жылдан 2018 жылдың шілде айына дейін Қытайдың «Ч.» компаниясына 1,5 мың тонна сүрме қосындысы бар кен мен концентрат жіберіп отырған. Экспорт құны 4,2 млн сомды құраған.

Дереккөз мәліметінше, Қытайдың «Чжуня» компаниясына заңсыз пайдалы қазба жеткізіп отырған - қырғыздың «Терек Сүрме» компаниясы.

XS
SM
MD
LG