«Мен түркімен-ауған шекарасында жағдай ушығып кетуі мүмкін деп ойламаймын. Ұзақ жылдар бойы қиындықтар үнемі болып келген. Тұрақтылықты сақтау үшін, ішкі Ауғанстанда да жұмыс істеп жатырмыз», - деді Уэллс.
Оның сөзінше, орталықазиялық шекарашыларды оқытуға көмектесіп жатыр.
Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарт ұйымы хатшысы Валерий Семериков 21 қарашада Мәскеуде Ауғанстанның Түркіменстан және Тәжікстанмен шекаралас аймақтағы жағдайға алаңдайтынын жеткізген.
«Ауғанстанның Тәжікстанмен және Түркіменстанмен шекаралас аймақта экстремистік топтың пайда болу мүмкіндігі зор», - деп мәлімдеген Семериков.