Ссылки доступа

Франция: Макрон үкіметті демонстранттармен келіссөз жүргізуге шақырды


Франция президенті Эммануэль Макрон үкіметті демонстранттар өкілдерімен келіссөз жүргізуге шақырды.

"Сары жилетшілердің" наразылығынан кейін, француз үкіметі демонстранттар өкілдерімен келіссөз жүргізу керек деген ел президенті 2 желтоқсанда үкімет мүшелерімен кездесуден кейін.

France 24 телеканалының хабарлауынша, кеңесуге Франция премьер-министрі Эдуар Филипп пен ішкі істер министрі Кристоф Кастанер қатысқан.

Үкімет мүшелері мен наразылық білдірушілер арасында келіссөз 3 желтоқсанда басталады деп күтіледі.

Париж полициясы 1 желтоқсанда жанармай бағасының қымбаттауына қарсы шыққандармен арадағы қақтығыста (оларды «сары жилетшілер» деп те атайды) 412 адамның ұсталғанын, 133 адам жарақат алғанын, олардың ішінде 23 құқық қорғау өкілі барын мәлімдеген.

Осыған дейін Франция билігі төтенше жағдай енгізуі мүмкіндігін мәлімдеген.

Францияда салықтың өсуіне байланысты бірнеше аптадан бері қарсылық акциялары өтіп жатыр.

Билік мәліметі бойынша, соңғы күндері наразылыққа шығушылар біртіндеп азайып жатыр. Бірақ өткен аптада Парижде акция жаппай тәртіпсіздікке айналып кетті. 100-ден астам адам ұсталған. Билік «сары жилетшілер» қозғалысын оңшыл және солшыл радикалдар бұзуға тырысып жатыр дейді.

XS
SM
MD
LG