Ссылки доступа

Бұхара облысында жанармай бекеті автокөлікпен бірге жанып кетті (видео)


Өзбекстанның Бұхара облысы Вабкен ауданына қарасты Паноб ауылында жанармай бекеті үш автокөлікпен берге өртеніп кетті.

Жанармай бекеті "Делта Автогаз" компаниясына қарасты екені хабарланды.

Техникалық ақау салдарынан газ шығып, соның кесірінен өрт тұтанған.

Жанармай бекетінде тұрған "Матиз", "Нексия" және "Дамас" автокөліктері қоса жанып кетті. Өртті бес бригада сөндірді.

Адам шығыны жоқ. Қазір өрттің материалдық шығыны есептеліп жатыр.

XS
SM
MD
LG