Ссылки доступа

Қырғыз шенеунігі ата-анасының үйін балабақшаға айналдырады


Қырғызстанның бұрынғы сыртқы істер министрі Аликбек Жекшенкулов ата-анасының үйін балабақшаға айналдырады. Бұл туралы саясаткердің ұлы Беккул Жекшенкулов хабарлады.

Оның айтуынша, бұл үй Кочкор аудан орталығында орналасқан. Мұндай шешім отбасы кеңесінде қабылданған. Өйткені қыстақта жалғыз ғана балабақша болған. "Аймақтарды дамыту жылы аясында шағын үлесімізді қосқымыз келді", - деді Жекшенкулов.

"Қазір оны мемлекет меншігіне алу жұмыстары жүріп жатыр", - деді ол.

Бұның алдында депутат Камчыбек Жолдошбаев та мемлекетке осындай сыйлық жасаған. Қараша айында ол Нарын облысына қарасты Кайынды-Булак ауылындағы үйін мектеп ретінде пайдалануға берген.

XS
SM
MD
LG