Ссылки доступа

Тәжікстанның Исфара шаһарында "өзбек базары" жабылды


Тәжікстанның Исфара шаһарындағы "Навбахор" базары аумағындағы "өзбек базары" бұл күнде босап қалған. Үш ай бұрын ғана базардан адамдар үзілмейтін.

Аталған базарда өзбекстандық тауарлар сататын Абдуғани Рауфов базардың босап қалуының себебі, Тәжікстанның тауарларға баж салығын көтеріп жіберуінде дейді.

Ал Исфара қаласы әкімінің орынбасары Собит Умарзода болса, Өзбекстаннен келетін тауарлар сапасы тым нашар, сұраныс болмады деп есептейді. Ол "өзбек базарындағы" саудагерлер өзге базарларда жеміс-жидек сатуға көшкен.

Әкім орынбасары кеден секторында проблема барын да теріске шығармайды. Биыл жазда өзбек билігі Тәжікстан азаматтарына шекарадан өтерде өзімен бірге 10 келіден кем емес тауар алуға ғана рұқсат берген екен. Артынша Тәжікстан билігі де жауап ретінде Өзбекстан азаматтарына 50 келіден аспайтын тауар алып кіруге рұқсат берген.

"Қазіргі уақытта баж салығын алып тастау мүмкін емес. Себебі Тәжікстан мен Өзбекстан салыққа қатысты әлі ешқандай құжатқа қол қоймады", - дейді Собит Умарзода.

Үш ай бұрын "Навбахорда" жүзге жуық өзбекстандық саудагер жұмыс істеген. Олар негізінен азық-түлік сатқан.

Кедендегі проблемаға қарамастан, Тәжікстан билігі соңғы 9 айда Өзбекстанмен сауда айналымы 220 млн долларға өсті деп отыр.

XS
SM
MD
LG