Ссылки доступа

Түркіменстанда жанармай тапшылығы байқалады


Түркіменстанда жанармай құю бекеттерінде тағы да бензин тапшылығы байқалады. Азаттықтың түркімен қызметінің хабарлауынша, Лебап және Дашогуз облыстарында жанармай сатылмай жатыр.

"Соңғы екі аптадан бері Дашогуз елді-мекенінде бензин тапшылығы бар. Дәл осындай жағдай Лебап облысында да кездеседі. А-95 маркалы бензин мүлдем сатылмайды. Тек А-80 маркалы май шектеулі күйінде сатылады", - дейді тілші.

Тілшінің хабарлауынша, кейбір май құю бекеттері босап қалған. Бензин жеткізілген жағдайда ұзын-сонар кезек пайда болады. "Тек 10 литрден сатады, 20 литрден өте сирек сатады. Мен өткен бейсенбіде Керкі және Чарджевада болдым. Онда май құю бекеттерінде көліктердің көптігі соншалықты, жанына бару мүмкін емес", - дейді тілші.

Осыған дейін Азаттықтың түркімен қызметінің дереккөзі 2019 жылдың басынан бастап Түркіменстанда жанармай бағасы қымбаттайды деп хабарлаған.

Тапшылық болып жатқан тұста, Түркіменстан билігі мұнай өнімдерін шығару және экспорттау жоспардан асыра орындалды деп есеп беріп жатыр.

XS
SM
MD
LG