Ссылки доступа

Түркімен телеарнасы қылмыстары үшін өкініп жылаған адамдарды көрсетті


Кадры из программы государственного телевидения Туркменистана (архивное фото)
Кадры из программы государственного телевидения Туркменистана (архивное фото)

1 желтоқсанда Түркіменстанның мемлекеттік телеарнасы жасаған қылмыстары үшін өкініп жылаған бір топ адамды көрсетті.

Телеарна ақпаратына қарағанда, бұл адамдар есірткі саудасымен айналысқаны, жалған доллар сатқаны үшін ұсталған. Осы арқылы телеарна елдегі құқыққорғау органдарының "тиімді" қызметін дәріптеген. Бұның алдында ғана құқыққорғау органдары Түркіменстан мемлекеттік қауіпсіздігі жиналысында биылғы жылдың есебін берген.

Телеарнада "қылмыскер" деп таныстырылған Овезмурад Бекбердиев 1984 жылы туған, бес баланың әкесі. Ол "трамадол есірткі затын тұтынғанын" айтқан. Ал 1977 жылы туған Нурмурад Аширов "трамадол сатуға талпынғанын" мойындаған. Тағы бір Хасанов есімді түркімен азаматы шетелде жалған доллар сатқаны үшін ұсталғанын айтқан.

Түркімен телеарнасы бұл азаматтарға қарсы қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған. Телеарна ішкі істер минстрі Искандер Муликовтың Қауіпсіздік кеңесінің отырысында сөйлеген сөздерін келтірген.

XS
SM
MD
LG