Ссылки доступа

Ары тапталған тәжік қызы мемлекеттік органдардан әділдік таппаған (видео)


Мастона Асо
Мастона Асо

Тәжікстандағы Хатлон облысының 21 жастағы тұрғыны Мастона Асо ар-намысы тапталғанын заң алдында дәлелдегісі келеді. 2017 жылы тамызда тұрмысқа шыққан оны күйеуі пәктігі жоқ деп айыптап, үйінен қуып шыққан.

Мастонаны ата-анасы мектеп бітіре салысымен тұрмысқа берген. Бірақ қыздың бағы ашылмаған. "Бір жылдың ішінде әкемнің бармаған жері жоқ. Прокурор, судья, адвокат, мемлекеттік қызметкерлердің ешқайсысы арызды қабылдамады. Ақшаң жоқ болса, көрген күнің күн емес. Менің ісіммен ешкім айнылқысы келмейді", - деді Мастона.

Оның айтуынша, тұрмысқа шығардан бұрын пәктігі бар екендігі туралы анықтама алған, сол себепті Мастона ар-намысын таптаған бұрынғы күйеуін жауапқа тартысы келеді.

Бір жылдың ішінде қыздың әкесі Асомиддин Жалолов 16 мемлекеттік мекемеге арызданып барған, бірақ адам құқығын қорғаушылар да оның өтінішін қабылдамаған. Бірақ Мастона оған қайғырып отырған жоқ, енді ол милиция қызметкері болғысы келеді."Әкем менің университетке түсуімді қолдайды", - дейді қыз.

Мастона Асо: "Я ищу не мужа, а справедливости"
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:50 0:00

Мастонаның Озоди Радиосына берген сұхбаты қоғамда пікір-талас туғызды. Бірқатар оқырман қыздың телефонын сұрап, көмектескісі келген. Тіпті оған үйленгісі келгендер де табылды. Бірақ қыз жаңа отбасы құруға асықпайды.

Мемлекеттік қызметтердің ешқайсысы бұл тақырыпқа қатысты пікір білдірген жоқ.

XS
SM
MD
LG