Ссылки доступа

Өзбекстан бес жылда ірі төрт ГЭС іске қосады


Өзбекстан бес жылдың ішінде қуаты 30 МВт болатын төрт ГЭС құрылысын аяқтауды көздеп отыр. Бұл туралы үкіметтің 2024 жылға дейін су электр жүйесін дамыту бағдарламасында айтылған.

Бұған қоса республикада 16 шағын жаңа ГЭС салынып, 21 станция жөнделеді.

Бұл жобалардың барлығына Өзбекстан 2,6 миллиард доллар бөледі, оның 600 миллионын республика несиеге алады.

Жоспар бойынша, жыл сайын Өзбекстан 2,8 миллиард кВт/с электр энергиясын артық өндіреді. Осылайша "Өзбекгидроэнергоға" қарасты станциялар саны 57-ге жетіп, олардың қуаты 9,3 миллиард кВт/с болады.

XS
SM
MD
LG