Ссылки доступа

Жасыл климат қоры Қырғызстанға 10 млн доллар береді


Жасыл климат қоры Қырғызстанға 10 млн доллар көлемінде грант береді. Бұл жайында Қырғызстанның қоршаған ортаны және орман шаруашылығын қорғау агенттігі директоры Абдыкалык Рустамов мәлімдеді.

Оның сөзінше, қаражат гидрометеорологиялық қызметтің ісін және халықтың тамақтануын жақсартуға жұмсалады. Жобаны жүзеге асыру үшін Баткен, Ош, Нарын облыстары таңдап алынған.

Рустамов сонымен бірге сумен жабдықтау жүйесін жақсарту және елді-мекендерді селден қорғау үшін, өзен жағалауларын бекіту жоспарланғанын айтады. Бұған 90 млн доллар бөлінеді екен.

XS
SM
MD
LG