Ссылки доступа

Өзбекстан Украинаға дәрілерін экспорттауға рұқсат берді


Бір айға созылған ресми емес тыйымнан кейін, Өзбекстан Украина дәрілерін импорттауға қайтадан рұқсат берді.

3 қарашада өзбек тарабы кеденнен украин дәрілерін өткізуден бас тартқан. Қазір аталған тауарды өзбек шекарасынан өткізуге рұқсат берген. Бұл жөнінде Украинаның фармацевтикалық компаниясы хабарлаған.

Енді Украина қантты экспорттау мәселесі де оң шешіледі деп үміттеніп отыр. 30 қарашада Украина қант шығарушыларының ұлттық қауымдастығы Өзбекстан қант экспортына тыйым салды деп мәлімдеген.

2017 жылы Украина 598,7 мың тонна қант экспорттаған. Оның 60 пайызын Өзбекстан сатып алған.

XS
SM
MD
LG