Ссылки доступа

Ресейде жеті өзбектің өліміне кінәлі кәсіпкер екі жылға сотталды (видео)


Сгоревший ангар, в котором сгорели семеро рабочих-мигрантов из Узбекистана.
Сгоревший ангар, в котором сгорели семеро рабочих-мигрантов из Узбекистана.

Санкт-Петербург соты Колпинода ангар жалдаған кәсіпкер әйелді екі жылға сотталды. Өткен жылы жазда осы ангарда шыққан өрттен Өзбекстаннан келген жеті еңбек мигранты қаза тапқан.

"Эверест" компаниясының бас директоры Юлия Забунова жеті азаматтың өліміне кінәлі деп танылып, екі жылға сотталған. Ол жазасын колонияда өтейді.

Бұған қоса сот Забуноваға мұндай қызметті екі жыл көлемінде атқаруға тыйым салған.

Сотталушы тағылған айыптарды мойындамаған.

Еске салайық, Колпинодағы металл ангардағы өрт 2017 жылы 13 шілдеде тіркелген. Ангар ішінен жеті адамның мәйіті табылған. Олардың барлығы бір ауылдың тұрғындары екені белгілі болды.

Өзбекстаннан келген еңбек мигранттары ангарда тротуар тақталарын дайындаумен айналысқан. Өрт шыққан уақытта жұмысшылардың барлығы ұйықтап жатқан. Олар түтіннен уланып өлген.

XS
SM
MD
LG