Ссылки доступа

АҚШ украин теңізшілерін ұстаған Ресей "жауап беретінін" ескертті


Арестованные украинские моряки

Ресей Керчь бұғазында тұтқынға алынған украин теңізшілерін босатуы тиіс. Әйтпесе Мәскеу бұл әрекеті үшін "жауап береді". Вашингтон бұған көз жұма қарай алмайды деп мәлімдеді АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі.

Құрама Штаттар Ресей "төлеуге мәжбүр болатын ақыны өсіре береді" деді ол.

АҚШ мемлекеттік департаменті Еуроодақты "Солтүстік ағыс-2" жобасынан бас тартуға шақырды. Еуропаның газ инфрақұрылымы Украинадан айналып өтсе, Ресейдің әскери агрессиясын тежеу құралы әлсірей береді деп есептейді АҚШ билігі.

Бұның алдында Украина Қарулы күштері Бас штабының басшысы Виктор Муженко Ресей төнтірген әскери қатерді 2014 жылдағыдай күшейгенін ескертті. "Біз құқықтық, моральдық шектеуі жоқ агрессорға жолықтық. Оның Украинаға қарсы белсенді әскери әрекеттерін қашан бастағысы келетінін болжау қиын", - деп мәлімдеді Муженко Reuters агенттіне берген сұхбатында. Ол Украина шекарасына жақын маңда Ресей танктері көбейгенін айтты. Оның мәліметі бойынша, екі апта ішінде шекараға жақын маңдағы машина 93-тен 250-ге жеткен.

25 қарашада Ресей шекарашылары аннексияланған Қырым жағалауларында Украина қарулы күштерінің үш кемесін атқылап, одан соң басып алған. Мәскеу бұл кемелер Ресей шекарасын бұзды деп отыр. Украина Ресейдің әрекетін "ашық әскери агрессия" деп атады. Ресей соты 24 украин теңізшісін екі айға қамауға шешім шығарды.

Батыс елдерінің басшылары Ресейден теңізшілерді тез арада босатуын талап етті.

XS
SM
MD
LG