Ссылки доступа

Өзбекстандықтар арзан ұнға таласып жатыр (видео)


Өзбекстанның әр аймақтарында арзан ұн үшін сатып алушылар арасында төбелесіп қалатын жағдайды байқауға болады. Ұн кезегінде тұрғандардың төбелесі жайында видео мен фото ара-тұра әлеуметтік желілерде жарияланады. Мұндай жағдай Қарақалпақстан, Қашқадария және Наманған облыстарында болған.

Қазан айынан бастап Өзбекстан ұнды әлеуметтік баға бойынша сата бастады.

14 қыркүйекте ел үкіметі «нарықтық механизмді енгізу мен бәсеке негізінде халықты бидай, ұн және нанмен қамтамасыз ету шаралары жөнінде» қаулы қабылдаған. Жарлыққа сәйкес, 15 қыркүйектен бастап 1-сортты 1 келі бидай ұнының бағасы 1400 сум ($0,16) болып белгіленген. Ал арзандатылған ұнның бір қабы 87 мың 500 сумға ($10,5) сатылып жатыр. Бұл ұнның нарықтағы бағасы - 105-110 мың сум ($12,6-13).

Өзбекстанда бір бөлке нанның бағасы екі есеге 650-ден 1200 сумға қымбаттаған. Сондықтан тұрғындардың көбі нанды қолдан пісіреді.

Қазір әлеуметтік ұнды сатып алуда еш шектеу жоқ. Бірақ үкімет алдағы уақытта шектеу қоюға ниеттеніп отыр.

XS
SM
MD
LG