Ссылки доступа

Ресейлік құқық қорғаушылар Пономарёвтің қамалуына қарсылық білдірді (видео)


Ресейлік құқық қорғаушылар Лев Пономарёвтің 25 тәулікке қамалуына қарсы мәлімдеме жасады. Олар Мәскеу қалалық сотынан Адам құқықтары жөніндегі еуропалық конвенцияны негізге алып, шешімді қайта қарауды талап етеді. Бұл жөнінде Мәскеудегі Хельсинкий тобы сайтында жарияланды.

Пономаревті қорғау жөніндегі ашық хатқа Мәскеудегі Хельсинкий тобының төрайымы Людмила Алексеева, "Арнайы әріптестік" қорының басшысы Валерий Борщев, "Сова" орталығының директоры Александр Верховский, "Зорлық-зомбылыққа қарсы комитет" басшысы Игорь Каляпин, "Голос" қозғалысының тең төрағасы Григорий Мельконьянц, "Мемориал" құқық қорғау орталығының мүшесі Олег Орлов және "Қоғамдық шешім" ұйымынң төрайымы Наталья Таубина қол қойған.

77 жастағы Пономарёв "Нового величия" және "Сети" ісі бойынша айыпталушыларды қолдау мақсатындағы акцияға қатысқаны үшін қамауға алынды. Құқық қорғаушыны акцияны әлеуметтік желілер арқылы халықты шақырып, ұйымдастырды деп айыптайды.

XS
SM
MD
LG