Ссылки доступа

Дереккөз: Грозныйда ұсталған ислам партиясының белсендісі Душанбе түрмесінде


Наимжон Самиев
Наимжон Самиев

Шешенстан астанасы Грозныйда ұсталған Тәжікстандағы исламның жаңғыруы партиясының белсендісі Наимжон Самиев бүгінде Душанбенің тергеу абақтысында отыр деп хабарлады құқық қорғау саласындағы дереккөз.

Осыған дейін Human Rights Vision Foundation қоры Наимжон Самиевті 4 желтоқсанда Мәскеуден тәжік астанасына экстрадицияланғанын жеткізген. Тәжікстанда тыйым салынған ислам партиясының мүшесін 1 желтоқсанда ұстаған.

Тәжікстан ішкі істер министрлігіндегі дереккөз қазір Наимжон Самиевтің Душанбедегі тергеу абақтысында отырғанын растады. "Оны қазір ІІМ мен бас прокуратураның тергеушілері сұрауға алып жатыр", - деді дереккөз.

Наимжон Самиевтің ұлы Ахмадулло 5 желтоқсан күні кешкісін әкесінің Ресейден отанына жеткізілгенін білдік дейді.

Наимжон Самиев 2008-2012 жылдары ислам партиясының Соғды облысы бөлімшесін басқарған. Елдегі құқық қорғау органдары оған қарсы ешқандай қылмыстық іс қозғалмағанын, іздеу жарияламағанын айтады.

Алайда Ахмадулло Самиев биыл шілде айында Қазақстанға барғанда, өзінің іздеуде екенін, алаяқтық үшін қылмыстық іс қозғалғанын білген. Наимжон Самиевтің туыстары оның ұсталуында саяси астар бар деп біледі.

XS
SM
MD
LG