Ссылки доступа

Telia Ucell операторын берген парасынан арзанға сатып, Өзбекстаннан шықты


5 желтоқсанда Coscom (Uсell бренді) мобильді операторына иелік еткен Telia (TeliaSonera) швед-фин компаниясы иелігіндегі 94 пайыз акциясын Өзбекстан мемлекеттік жекешелендіру және бәсекелестікті дамыту комитетіне 215 млн долларға сатты.

Компания Өзбекстанның тұңғыш президентінің үлкен қызы Гүлнара Каримоваға елдік телекоммуникация нарығына кіру үшін 331 млн доллар пара берген деген айыпқа ұшыраған соң, Telia АҚШ әділет министрлігіне 1 млрд доллар көлемінде айыппұл төлеген. Енді ол Ucell компаниясын сатып, Өзбекстан нарығынан шықты.

5 желтоқсанда Telia Өзбекстаннан шығу аяқталғанын жариялады. "Telia компаниясы Ucell (FE Coscom LLC) компаниясындағы үлесін 215 миллион долларға сатты. АҚШ әділет министрлігі бұл туралы дер кезінде құлағдар етілді", - делінген Telia компаниясыны таратқан мәлімдемеде.

Telia Өзбекстаннан шығу үшін үш жылдан астам уақыт жұмсады. Мұндай шешімін компания 2015 жылы жариялаған. 5 желтоқсанда Telia "лайықты сатып алушы" таппаған соң, Ucell компаниясын үкіметке сатуға мәжбүр болғанын жариялады.

XS
SM
MD
LG