Ссылки доступа

Қырғызстан көлік министрінің орынбасары 50 мың доллар пара алу кезінде ұсталды


Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекетттік комитеті Жол және көлік министрінің орынбасары Ж. А.-ны 50 мың доллар пара алу кезінде ұстады. Бұл туралы аталған комитет хабарлады.

Оның мәліметі бойынша, бұл ақша жол құрылысына қатысты тендерді жеңіп алу үшін берілген. Ұсталған шенеунік тендер комиссиясын басқарған.

Шетел компаниясының мүддесін қорғау үшін 520 мың доллар сұратылған. "Оның бір бөлігін - 120 мың долларды Ж. А. бұған дейін шетел компаниясының өкілінен алған. Қалған ақшаны одан кейінгі апталарда алуды жоспарлаған" делінген комитет хабарламасында.

Ұсталған шенеунік тергеу абақтысына отырғызылды. Онымен бірге тағы кімдер ұсталғанын комитет хабарламады.

Комитет жариялаған Ж. А есіміне Азимкан Жусубалиев сәйкес келеді. Ол жол және көлік министрінің орынбасары қызметіне 2017 жылы ақпанда кіріскен.

XS
SM
MD
LG