Ссылки доступа

Өзбек мигранты тәжік әріптесінің басын кесіп, пешке өртеген


Ресейдің Волгоград облысы Ленин ауданы Бахтияровка ауылында жантүршігерлік қылмыс тіркелді, деп хабарлады "НовостиВолгограда.ру".

Мал шаруашылығымен айналысатын нысында жұмыс істейтін екі мигрант жанжалдасып қалған. Олар малқорада төбелескен.

"Өзбекстанның 36 жастағы азаматы Тәжікстанның 51 жастағы азаматын пышақтап өлтірген. Одан соң күдікті қылмысын жасыруға тырысқан. Өлген адамның басын кесіп алып, пешке тастаған, ал денесін шөпке жасырған", - деді аудандық тергеу органының басшысы Евгений Выстропов.

Сол күні кешке мигрант болған оқиғаны бір әріптесіне айтып, оны құпияда ұстауын сұраған. Бірақ ол бірден құқыққорғау органдарына хабарлаған.

"Күдікті сол күні ұсталды. Оның психикалық саулығына күмән бар. Өйткені басты пешке жағуын ол өзінен көз аламаған соң осылай жасағанын айтқан", - деп хабарлады Евгений Выстропов.

Тергеу бөлімі күдіктіні қамауда ұстау туралы сотқа арыз дайындап жатыр.

XS
SM
MD
LG